1 / 16

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың тақырыбы:. Жануарлар жемін қалай аулайды?. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:. 1. Білімділігі: Жануарлар әлеміндегі қоректенуімен байланысты тіршілік әрекетіндегі ерекшеліктер, жануар мен жануар «қарым-қатнасында» «жемтік-жау» қатынасының болуы туралы түсінік қалыптастыру. 2. Дамытушылығы:

Download Presentation

Сабақтың тақырыбы:

An Image/Link below is provided (as is) to download presentation Download Policy: Content on the Website is provided to you AS IS for your information and personal use and may not be sold / licensed / shared on other websites without getting consent from its author. Content is provided to you AS IS for your information and personal use only. Download presentation by click this link. While downloading, if for some reason you are not able to download a presentation, the publisher may have deleted the file from their server. During download, if you can't get a presentation, the file might be deleted by the publisher.

E N D

Presentation Transcript


  1. Сабақтың тақырыбы: Жануарлар жемін қалай аулайды?

  2. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: • 1. Білімділігі: • Жануарлар әлеміндегі қоректенуімен байланысты тіршілік әрекетіндегі ерекшеліктер, жануар мен жануар «қарым-қатнасында» «жемтік-жау» қатынасының болуы туралы түсінік қалыптастыру. • 2. Дамытушылығы: • сөйлеу дағдысын дамыту, танымдық белсенділігін арттыру. Өздігінен пайымдай білуін қалыптастыру. • 3. Тәрбиелігі: экологиялық тәрбие беру. • Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

  3. Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі:топтастыру стратегиясы, суреттер, кесте, тест жұмысы. Сабақтың барысы: 1. Психологиялық икем. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Жануарлардың немен қоректенетінін әңгімелету, сұрақ-жауап алынады.

  4. Сұрақтар: • 1. Басқа жануарлармен қоректенетін жануарларды қалай атайды? • 2. Өсімдікпен қоректенетін жануарлар қалай аталады? • 3. Өсімдікпен және жануарлармен қоректенетін жануарларды қалай атайды?

  5. 3. Жаңа сабақ. Міне, балалар қандай жануар немен қоректенетінін білдіңдер, олай болса, олар сол қорегін қалай аулайды? Тірі жануарларды аулап, ұстап жейтін жануарларды жыртқыштар дейміз.

  6. түлкі бүркіт жапалақ

  7. Жыртқыштар жемін әр-түрлі тәсілмен аулайды. • Жолбарыс пен сілеусін жемін тасада жатып аңдиды. Кейде оған • бұқпантайлап жетеді де, аңдаусызда бас салып ұстап жейді.

  8. Қасқыр, ит, түлкі, дала мен орманды кезіп жүреді де, жануарлардың • ізін табады. Сол ізге түсіп жорта береді, ақыры жемін тауып, оны • қуып жүріп ұстайды.

  9. Дала бүркіті, тышқан, құмқояны, саршұнақ сияқтыларды аңдып, • көбінесе төбе басында отырады. Жемін көзі шалып қалса болды, • ол көкке шапшаң көтеріліп, құйындатып келіп үстіне тұмсығымен • шоқып қона кетеді.

  10. Жапалақ түнде өте жақсы көреді. Ол ұсақ сүтқоректілерді, құстарды • дәл тауып, ұстап жейді. Дала бүркіті де, жапалақ та – жыртқыш құстар.

  11. Сонымен, әрбір жануар аштан өлмеу үшін қорек іздеп тауып, тіршілігін сақтайды. Осыдан бір қызықты сұрақ туындайды: бір жануарлар екінші жануарлардың тіршілігіне қауіп туғызып, тіпті оларды жейді. Жыртқыш болсын, оның құрбаны болатын жануар болсын бәрінің әрекеті өз тіршілігін сақтау. Тіршілік үшін күреспейтін жан иесі жоқ. Бұл- табиғат заңы. Сондықтан жыртқыш екен деп жануарларды жек көруге болмайды.

  12. Сергіту. Тест (электронды оқулық)

  13. Балалар, мына суретте аңдар туралы не білеміз, сол білетіндерімізді пайдаланып мына кестені оқиық.

  14. Сабақты қорытындылау. (жұмбақтар шешу) Өзі ширақ, өзі қу, Жүрген жері айқай –шу. Бір аң бар қайраты көп, болған күшті, Басынан өткізеді әрбір істі. Белестен шапқан бесті ат, Бүкір келген желісті ат. Бейғам елді іздейді, Малдан күдер үзбейді. Кілемнің түрлеріндей жүндері бар, Айбаты жан шыдамас үндері бар.

  15. Үйге тапсырма: оқып әңгімелеп келу. Бағалау.

More Related